Accessibility links

НАТО бас хатшысы бүгін Қырғызстан президентімен кездесті.


НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсон бүгін Бішкекте Қырғыз президенті Асқар Ақаевпен кездесті , онда НАТО мен Қырғызстан арасындағы ынтымықтастықтың келешектері басты тақырыпқа айналды. Кеше Қазақстанда болған кезінде Джордж Робертсон халықаралық терроризммен күресу мақсатында НАТО мен Орталық Азия елдерін тығыз байланыста болуға шақырған болатын. Бүгін Қырғызстан президентімен кездесуден соң НАТО бас хатшысы Робертсон, халықаралық терроризммен НАТО-ға мүше елдер ғана емес, бұл ұйымға кірмейтін басқа да мемлекеттерде қатысып күресуі керек деп мәлімдеді. Оның сөзінде қарағанда, бүгінде НАТО Орталық Азия аймағына баса назар аударып отыр. Енді оның ұйымы Орта Азияда тұрақтылық пен бейбіт жағдай қалыптасуына күш салмақ. Ақаев өз кезегінде, Робертсоннан Қырғызстанның шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге НАТО-ның қолдауын сұрады. НАТО бас хатшысы Қырғызстанның қорғаныс және басқа да министрлермен кездесіп, НАТО мен Қырғызстан қарым-қатынасын талқылады.
XS
SM
MD
LG