Accessibility links

Иранда болған жерсілкінісінен 1 адам қаза болып, 20-сы жараланды.


Кеше кешкісін Иранның оңтүстігінде Рихтер бағанымен 5,8 балл күшінде болған жерсілкінісінен алғашқы мәліметтер бойынша 1 адам қаза болып, 20 шақты кісі жараланған. Құтқарушылар бұл Зарин Дашт қаласындағы құлаған үйлер үйіндісін жинауда. 70 мың тұрғыны бар бұл қаланың әкімі Махмуд Мусавидің айтуынша, Зарин Даштағы су құбырлары, телефон жүйелері істен шыққан. Және оның айтуынша, бейсенбі күні ауа-райының өте ыстық болғанынан біраз адам далаға түнеп, содан жерсілкінісінен көбі аман қалып отыр. Сондай-ақ, қала маңындағы елді мекендерге де көп шығын келген. Иранның көп территориясының сейсмикалық беріктілігі төмен. Соңғы 13 жылда Иранда 950 ден аса, орта және жоғары күштегі зілзала оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны бойынша 17 600 кісі өліп, 53 мыңнан аса адам жарақаттанған.
XS
SM
MD
LG