Accessibility links

Қазақстан экологтары арасындағы дау-дамай

  • Гүлмира ХАМЗА

Экологиялық «Табиғат» одағы жыл сайын Балхаш регатасын өткізеді. Осы арқылы, одақтың төрағасы Мэлс Елеусізовтың айтуынша, қазақстандықтардың назарын Балхаш мәселесіне аударуға болады.

Жыл сайын регатаға барушылар Балхаштың жағдайы мен танысып, көл жағалауын түрлі қоқыстан тазартып келеді. Жалпы «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізовтың пайымдауынша, Балхаш көлінің мәселесі өте көп, егер бұл мәселелерді қазір шешпесе, болашақта Балхаш Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін. Осыған байланысты, Мэлс Елеусізов Балхаш мәселелерін шешу үшін, оны жан-жақты талқылау үшін 2000 жылы халықаралық Балхаш форумын өткізді. Бұл жиында Мэлс Елеусізовтың айтуынша, белгілі бір шешімдер қабылданған, экологтар бұл шешімдерді іске асыруы керек еді,бірақ бұл жоспары іске аспай қалды. Себебі ,дейді «Табиғат» одағының жетекшісі бұл шараға мемлекет тарапынан бөлінген ақша «Табиғат» одағына емес, Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталыққа кеткен. «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов бұл жағдаймен келіспейтінін білдірді.

Экологиялық «Табиғат» одағының төрағасы Мэлс Елеусізов: - Мен көп жылдан бері шыдап жүрдім, өздері қателерін ретке келтіретін шығар, ойланатын шығар,өзгеретін шығар,деп. Мәселенің мәні мынандай: Орталық Азия аймағындағы бес мемлекет үкіметтері аймақтық экологиялық орталық ашты. Алматыдағы орталықты Болат Есекин деген азамат басқара бастады. Бұрын бұл азамат Алматының экологиясын шешетін, соңынан ұлттық жоспар жасайтын мекемеде жұмыс жасады. Бұл мекемеге шетелден көптеген ақша бөлінетін, миллиондаған ақша жұмсалды, бірақ оның нәтижесі жоқ. Ал, экологияның мәселесі өте көп, оны шешу керек, егер ақша табиғатқа жұмсалса, онда оның пайдасы болар еді.Бірақ олар оны ойлап отырған жоқ, олар өз қалтасын ойлайды. Мен қанша жылдан бері Балхаш мәселесін көтеріп жүрмін, форум өткіздік, бұл форумда белгілі бір шешімдер қабылданған, үкімет бұл шешімдерді іске асыру үшін арнайы алты миллион тенгедей қаржы бөлді, бірақ ақшаның барлығы Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталыққа кетті.Бұл ақшаға жоспар жасау керек еді, бағдарламаның бірінші сатысын іске асыру керек еді, бірақ еш нәрсе іске аспады, барлығы сол қалпында тұр, есесіне ортылық қызметкерлері Балхаш мәселесі не болды, деп менен сұрайды.Проблема шешілмейді.

Гүлмира Хамза: Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың кесірі эколог маман, Достай Жақып мырзаға да тиіп кеткен. Достай Жақып мырза Іле-Балхаш мәселелерімен 25 жылдай шұғылданып келе жатқан азамат, қазіргі кезде Қазақ ұлттық мемлекеттік университеттің экология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарғаны мен, Қазақстанның География институтында да жұмыс жасайды.Дәл осы институт Достай Жақып мырзаның пайымдауынша, Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың арқасында түрлі бағдарлама әзірлеуден қалды. Бұл жұмыстардың барлығын «РЭЦ» деп аталатын Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталық алып алған.

Қазақ ұлттық мемлекеттік университеттің экология кафедрасының меңгерушісі Достай Жақып: - Кеңес одағы кезінде, мен жұмыс жасап жатқан География институты Іле-Балхаш мәселесі бойынша, Одақтың барлық институттарын жинап 30 астам бағдарлама әзірлеген. Біз берген ұсыныстар бойынша, 1987 жылы Одақ үкіметі шешім қабылдады. Күні бүгінге дейін жасалып жатқан жұмыстардың барлығы осы бағдарлама негізінде іске асып жатыр.Осы уақыттан бері, яғни 1989 жылдан бері мемлекеттік бағдарлама әзірленбеген. Қалған жұмыстардың барлығын, дәлірек айтқанда орнықты даму бағдарламасын әзірлегенде күллі жұмысты аймақты экологиялық ортылығы алып алған. Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталық жетекшелері мемлекеттің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бар тапсырманы бізге берді, деп айтады, бұл өтірік. Кезінде, мен бұл жөнінде бұрыңғы министр Андар Шоқпытов мырзаға айтқан болатынмын, ол кісі мен мүндай тапсырма берген жоқпын, деп шошып кетті.Демек, Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталық жетекшісі өтірік айтады.

Гүлмира Хамза: Қазақстанның География институтының директоры Медеу Ахметқалдың пікірінше, ақшаны алғаны мен нәтижелі жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар мемлекетте өте көп.

Қазақстанның География институтының директоры Медеу Ахметқал: - Олардың барлығы шетелден келген ақшаны алып, бұл ақшаны нәтижелі жұмсай алды ма? Егер, олар бұл сұраққа жауап бере алса, онда аймақтық экологиялық орталықтың жұмысында кемшілік жоқ, деп айтуға болады.Мен өзім шетелдік ақшаларды алып, нәтиже шығармайтын көптеген үкіметтік емес ұйымдарды білемін. Олар География институтында, немесе басқа бір ғылыми зерттеу институтында жұмыс жасайтын ғалымдарымен келісім-шартқа отырады, соңынан белгілі бір сомманы айтады, мысалы 50,100 немесе 200-300 доллар ұсынып, бір зертеу жасатады, ғалымдар өз кезегінде бұл жұмысты бір түннің ішінде әзірлеп шығарады, себебі оның мемлекеттік институттардан алған ақпараты көп, бірақ мүндай зерттеу жүргізуге болмайды ғой. Мүндай жағдайда мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарымен келісу керек, сонда нәтижелі зерттеу болады.

Гүлмира Хамза: Жоғарыда айтылған айыптарға байланысты біз Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталық қызметкерлерінің пікірін білуге тырыстық. Бұл мекеменің ақпарат бөлінің қызметкері Алексей Николаенко былай, деп жауап қайтарды.

Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталық қызметкерлері Алексей Николаенко: - Орталық Азиялық аймақтық орталықтың жұмыс жасап жатқанына екі жылдай уақыт болып қалды. Біздің өз демеушілеріміз бар, оларға бір жылына үш рет есеп береміз, яғни жылына үш рет есеп бере отырып, екі жылдан бері жабылмасақ, біздің жұмысымызға демеушілеріміз риза.

Гүлмира Хамза: Мүндай пікірмен Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың бұрыңғы ұйлестірушісі, қазіргі кезде бұл орталықтың консультативті кеңесінің мүшесі Құралай Кәрібаева келісіп отыр.

Құралай Кәрібаева,эколог: - Мен наурыз айында консультативті кеңестің отырысына қатыстым. Бұл кеңестің президенті Шыңғыс Айтматов, кеңестің төрағасы Иса Байтулин қатысып, Орталық Азия мемлекеттеріндегі барлық орталықтың есептерін тыңдады, олар бұл орталықтың жұмысына риза болды.

Гүлмира Хамза: Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов бұл орталықтың іс әрекеті Қазақстан үкіметі мен тығыз байланысты деген пікірде.

Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов: - Үкімет шығарған, арнайы заң шыққан осы мекеме жөнінде, сол себептен олар салық төлемейді, еңбекақылары өте жоғары, барлығы бірге пайдаланатын шығар.Түрлі жиналыс өткізді, бірақ бұл жиынның пайдасы жоқ.

Гүлмира Хамза: Орталықтың жұмысына Қазақстан үкіметі тікелей араласатынын Орталық Азиялық аймақтық экологиялық орталықтың консультативті кеңесінің мүшесі Құралай Кәрібаева растап отыр.

Құралай Кәрібаева,эколог: - Әр мемлекеттің үкімет басшылары, президенттері қол қойды, мысалы Нұрсұлтан Назарбаев бұл орталықтағы өзінің өкілі ретінде министрлікті тағайындады. Қазір аймақтық экологиялық орталық Қоршаған ортаны қорғау министрі Әйткүл Самакова мен тікелей жұмыс жасап отыр, сол себептен орталыққа қолдау көрсетіп, оларға қаржы бөліп отырған министрліктің өзі.Орталықтың жұмысын министр бағалайды. Халықаралық бақылаушылар, министр бұл орталықтың жұмысына жоғары баға берді. Сол себептен бұл үкіметтік адамдары мен, халықаралық ұйымдардың бағасын, дәлелсіз дау көтеріп, баға берген Мэлс Елеусізовтың пікірімен салыстыруға болмайды, деп ойлаймын.

Гүлмира Хамза: Мэлс Елеусізов өз кезегінде экологтарды тазалыққа шақырды.Сонымен қатар, Мэлс Елеусізов былыққа жол берген әріптестерін ертерек тоқтатпағанына өкініш білдірді.

Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов: - Табиғатпен шұғылданатын азаматтар таза болу керек, ақшаның барлығын ұрлап жатыр.Біз соны айтқымыз келеді.

Гүлмира Хамза: Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Республиканың прокуратурасына арыз жазған, енді Мэлс Елеусізов бұл мәселені бақылаушы орган шешеді деп үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG