Accessibility links

Израил мен Палестина тұтқындар мәселесінде араздасып отыр


Израил мен Палестинаның жоғары дәрежедегі келіссөзі жалғасып жатса да, Израил тұтқынында отырған палестиналықтардың мәселесі ушыға түсті. Израил 350 тұтқынды босатуға ниет танытқан болатын. Палестина жағы бұлардың сыртында 500 азаматты шығаруды сұрады. Израил келісім бермеді. Израил алдыменен палестиналық жауынгерлік топтардың қарусыздануын талап етеді, "Хамас" не болмаса " Ислам Жихады" жасақтарының жауынгерлері бостандыққа бәрібір шығарылмайды дейді. Бұдан соң Газа қаласындағы Жабала босқындар қонысында наразылық шеруі өтті. Израил түрмелерінде отырған алты – сегіз мың аралығындағы палестиналық тұтқындарды толық босату талап етілді. Бұл талап орындалмаса "Хамас" тобы Ызраил сарбаздарын кепілдікке ала бастаймыз деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG