Accessibility links

Джордж Буш бүгін Нигерияда жүр


Африка сапарында жүрген АҚШ президенті Джордж Буштың сапары бүгін Нигерияда жалғасып жатыр. Нигерия – Буштың сапарындағы соңғы, бесінші африкалық мемлекет. Кано қаласында мыңдаған мұсылман Буштың келуіне наразылық танытты, Бушты исламның дұшпаны деп сөкті. Нигерия президенті Олусегун Обосанжомен президент Буш "Африка дамуы Жаңа экономикалық серіктестігі" жобасын және көршілес Либериядағы төтенше жағдайды талқылайды. АҚШ-қа бағытталған Нигерия мұнай саудасы да талқыға салынады деген болатын. Уганда және Нигерияда Буш СПИД ауруын ауыздықтау жөнінде нақты ұсыныс айтты, бес жылға бағытталған 15 миллиард доллардың бағдарламасын жариялады. - Африка СПИДке қарсы соғыспақшы, бірақ бұл үшін көмекті мұқтаж етеді. Менім елім Африка халқына жәрдем бермек, сіздер бұл күресте жалғыз емессіздер. Америка іске үлес қосуды жөн көреді, - деді президент Буш. Уганда сапарында Буш қауіпсіздікті нығайту үшін 100 миллион доллар берілетінін айтты. Уганданың көршілері Кения мен Судан соңғы бес жылда "Әл Қаида" ұйымының шабуылдарына жиі тап болып отыр.
XS
SM
MD
LG