Accessibility links

Джордж Буш қаңтардағы үндеуімде қате болмауға тиіс деп айтты


Ирақ соғысына жол ашқан президент Джордж Буштың қаңтар айындағы баяндамасында кейбір қате мәлімет болды деген жорамалды АҚШ басшысы жоққа шығарды. Джордж Буш бұл мәлімдемесін Угандағы сапарында жұма күні айтты. - Америка халқына айтқан үндеуімдегі мәліметтерді барлау мекемелері қолдаған. Ол сөзімде мен Саддам Хұсейннің билігінен төнген қауіпті жан -жақты баяндадым. Біздің үкімет қауіпке қарсы дәл шара қолданды. Нәтижесінде әлем бойынша қауіпсіздік және бейбітшілік нығая түсті дейді Джордж Буш.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG