Accessibility links

АҚШ-тың Ирақтағы сарбаздарына тағы шабуыл жасалды


Өткен тәулікте АҚШ-тың Ирақтағы сарбаздарына тағы шабуыл жасалды. Рамади қаласындағы әскери база миналармен атқыланды. Соңғы тоғыз күнде бұл жағдай оныншы рет орын алды. Американдық сарбаздар тойтарыс берді, бұған тікұшақ пен танктер пайдаланылды. Ирақ соғысы аяқталғалы бері танк оғы бірінше рет атылды. Шабуылшыларға қаншалықты зиян тигені әзірше анық емес. Осы сарындағы оқиға Фәллуджа қаласында болды. АҚШ әскері Фәллуджадағы полиция бекетін босатып, тәртіп сақтау қызметін Ирақ полициясына тапсырды. Қаупі жоғары мекендерде АҚШ әскері әлі де болса қала беретіні мәлімденді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG