Accessibility links

Израиль өкімет басшысы Ариел Шарон Британияға ресми сапармен келді.


Оның барысында Таяу Шығыстағы жағдай талқыланып, Британиямен араға түскен салқындықты жұмсарту көзделуде. Шарон мырза әріптесі Тони Блейрмен және Британия Сыртқы істер министірі Жак Строумен кездесіп, сәрсенбі күні Норвегияға қарай сапарын жалғастырмақшы. Қаңтар айында Британия өкімет басшысы Тони Блейр мырза Палестина реформасын талқылау үшін Палестиналық басшыларды Лондонға шақырып, Израиль тарапынан ешкімге шақырту жібере қоймаған еді. Оған жауап ретінде Израйль өкіметі Палестина делегациясының Лондонға баруына рұқсат бермей қойған болатын-, дейді Франс пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG