Accessibility links

Ирак 45 минут ішінде жаппай қырып-жоятын қарулар шығара алады-, деген пікір айту арқылы Британия өкіметі түбегейлі қателіктер жіберіп алды-, дейді Бликс мырза.


БҰҰ жанындағы тексеру комиссиясының бұрынғы басшысы Ханс Бликс мырза бұл тұжырымын Лондонда жарық көретін Индепендент он Сандей басылымына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Британия өкіметі қаттамасында тіркелген Иракқа қатысты осы айыптау- шындықтан алыс жатыр. 45 минут ішінде биологиялық немесе химиялық қарулар жасай алу мүмкіндігінің өзі-адамның сене қоюына қиын шаруа-, деді ол. Бликс мырза тексеру комиссиясының Иракқа қайтып оралып, өз жұмысын одан әрі жалғастыруына шақырды. Оның пікірінше, бұл халықаралық тексеру тобы зерттеу процесіне көп көмегін тигізер еді. АҚШ-тың бастауындағы соғысты заңдастырып алу үшін “Ирак тарапынан төніп отырған қауіп” дегенді АҚШ пен Британияның тым үлкейтіп жібергеніне орай айтылып жатқан айыптаулардың ішіндегі, Бликс мырзаның пікірі біреуі ғана.
XS
SM
MD
LG