Accessibility links

Тәжікстандағы адам құқықтары тобы мәліметтеріне қарағанда, жыл сайын, ақшалы жұмыс тауып береміз, деген жалған уәдемен шет елдерге жүздеген тәжік қыз-келіншектері алдап жөнелтіледі екен.


Аналар құқығын қорғау тобы жетекшісі Гүлчехра Мирзоеваның Франс пресс әгенттігіне айтуынша, ондай жалған уәделерге, әсіресе, ауыл-аймақтан келген білімсіз жастар алданар екен. 80 пайызы аса кедейшілік жағдайда тұрмыс кешіп отырған тәжік қаумынан шетелден жұмыс табамын деп үміттенетін жастар табылатыны табиғи жағдай, дейді Мирзоева.

Міне осындай күрделі жағдайға орай Тажікстан парламенті мамары айында, жеңгетайлық жасаған, қыздарды жезөкшелік бизнесіне алдап тартқан, шетелдерге жалған уәделермен жіберген қылмыскерлер 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылады, деген заң қабылдады.

Тағы да Тәжікстан астанасынан соңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, Душанбеден 160 шақырымдай жерде Рихтер өлшемімен 4 – 5 баллдық жер сілкінісі болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG