Accessibility links

Алдағы қазан айында өтетін президенттік сайлаулар үшін Шешенстан өзінің алғашқы кандидатура-үміткерін ұсынды.


Ол - Саид-Хамзат Қаирбеков. 60 жаста, Ресейдегі құрылыс компаниясының директор орынбасары. Ал президент Путиннің адам құқықтары бойынша комиссия жетекшісі Элла Памфилова болса, жікшіл Шешенстан жетекшісі Аслан Масхадов-та президенттікке үміткер ретінде тіркелуі керек, дейді.

Панфилованың айтуынша, "Масхадов өзінің терроршылыққа қарсы екендігін жариялаған, сондықтан оған кешірімділік жасалады". Бірақ президент Путиннің көмекшісі Ястржембский "Аслан Масхадовтың амнистия-рахымдылық алуға құқығы жоқ, сондықтан сайлауда қатыса алмайды", - дейді.

Бұл сайлау арқылы, Влaдимир Путин, жалпы жоспардың бір парасы ретінде Шешенстанда бейбітшілік орнатпақ. Ал әзірше, орыс әскерлері мен шешен жікшілдері арасындағы қарулы қақтығыстар тоқтайтын емес.
XS
SM
MD
LG