Accessibility links

Ауғанстан сыртқы істер министрінің айтуынша, Ауғанстан шекара аймағындағы өзгертулерге қарсы.


Министр Абдулла Абдулланың "Азаттық" радиосының Вашингтондағы бюросында айтқанындай, шекара бойындағы кез-келген өзгеріс аймақтық тұрақсыздыққа алып келіп, Ауғанстан елінің біртұтастығына кесірін тигізеді.

" Ауғандар өз шегарасындағы бір сантиметр өзгеріске де мүмкіндік бермейді. Бұл жөнінде кейбір хабарлар бар. Бірақ біздің шекараға басып кірген кез-келген келімсек тиісті жазасын алады", - деген Ауғанстан сыртқы істер министрі.

Ауғанстанның соғыс шайқастары болған аймақтарында осы кезге дейін шекара сызығы түбегейлі белгіленбеген. Өткен аптада, Пәкістандықтар шекараны басып кірген деген наразылық ойлар әсерімен жүздеген ауғандық Қабулдағы Пәкістан елшіханасы алдында жиын өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG