Accessibility links

Ирақ босқындарын өз еліне қайтару мәселесі талқыланды.


БҰҰ Босқындар мәселесі жөніндегі бас комиссионері Руд Лабберстің айтуынша, уақытынша баспана берген 18 мемлекет өкілдері қатысуымен Женевада өткен жиында, Ирақ босқындарын өз елдеріне қайтару әзірше ертерек, деген шешімге келген.

Дегенмен, үстіміздегі жылдың екінші жартысында ол босқындарды алғашқы бір бөлігі қайтарылуы да мүмкін екен. Ал негізгі кері көш 2005-жылы орын алатын түрі бар.

Саддам Хусейн билігі кезінде Ирақтан шетелдерге 4 миллиондай адам шығып кеткен. Олардың көбі шетелде қалып қойған. Қазіргі кезде негізінен Европада 260 мыңдай ирақ босқыны бар.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG