Accessibility links

БҰҰ тарихта ең елеулі азық-түлік жәрдемін Ираққа көрсетіп жатыр.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

БҰҰ-ның Әлемдік азық-түлік бағдарламасының өкілдерінің айтуынша Ираққа көрсетіліп жатқан қазіргі азық-түлікпен жәрдем көрсету бағдарламасы бұрын соңды бұндай көлемде тарихта болып көрмеген.

Өткен айда Ираққа әр минут сайын күріштен бастап, сәбилердің асынан, сабынға шейін тиелген жүк тасушы мәшинелер толасыз кіріп жатты. Бұл қыруар жұмысты кімдер ұйымдастырып жүр?

Соғыстан кейін 10 жылдан аса экономикалық шектеулерге душар болған Ирақ, бірінші кезекте азық-түлікке зәру, БҰҰ-ың Азық-түлік бағдарламасы мен халықаралық агенттіктер бұндай көлемде бірді бір елге азық-түлік жәрдемін беріп көрмеген.

Ираққа осы ай басында жалпы көлемі 1 миллион 200 мың тонна азық-түлік пен өзгеде заттар кіргізілген. Жеткізілген азық-түліктің негізін күріш, бұршақ, өсімдік майы, тұз, шай, қант және нәрестелер қорегі, сондай-ақ сабын мен жуғыш заттар құрайды. Римде орналасқан агенттікттің хабарлауынша, маусым айында Ираққа минутіне ауқат тиеген бір жүк мәшинесі келіп кірген, немесе 1 сағатта мөлшермен 1 тонна азық-түлік әкелінген. Жергілікті жүк тасушы көліктер көршілес Түркия, Йордания, Сирия, Кувейт және Ирандағы қоймалардан тасымалдап жатыр, бұған қосымша Ирақтың шығанақтағы кеме айлағы Ум Қасыр арқылы да жүк жеткізілуде.

Өткен аптада Римде ақпарат құралдарына, агенттік жетекшісі Жан Жак Грес былай деді: "Біздің білуімізше бұл бұрын соңды болмаған азық-түлік жәрдемі." Оның айтуынша, қазан айына таман Ираққа көрсетілген жәрдем оның агенттігі күллі әлемге өткен жылы көрсеткен көмекпен пара-пар. Бағдаттағы БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасынның баяндамашысы Антония Параделанның айтуынша:

"Бұрын соңды тарихта бұндай көп санды елдің халқын асырау әрекеті болып көрген емес. Тіпті 1948-ші жылғы Берлин дағдарысы кезінде 3 миллион адамға әуе арқылы азық-түлік жеткізілгенімен, мысалы, қазіргідей бірден 27 миллионға көмек көрсетілген жоқ. Басқа жағдайда мысалы Ауғаныстанда 9 миллионға, Эфиопияда шамамен 12 миллион адамға жәрдем берілді."

Ирақтағы БҰҰ-ың Азық-түлік бағдарламасы қазан айында осы бюджеттік жылда 1 миллиард 700 миллион долларға жетеді. Бұған ақша негізінен мұнайды азық-түлікке айырбастау бағдарламасы есебінен төленеді. Ирақтағы американ-британ әкімшілігі халықты азық-түлікпен қамдауды БҰҰ мен тәуелсіз агенттіктерге жүктеп отыр.

Параделанның айтуынша, соғыстан кейін бұрынға азық-түлікті тарату жүйесін қалпына келтірумен қатар, елді мекендердегі азық-түлік артқан жүк мәшинелері мен қоймаларды тонаушылықты тыйу ісі басты қиыншылық болып отыр. БҰҰ 1996 жылғы Саддам Хусейн заманындағы мұнайды азық-түлікке айырбастау бағдарламасының тарату жүйесінде болған 44 мың жергілікті агенттер қалпына келтірілді, осы арқылы халық арасында азық-түліктің әділ таратылуы қамтамасыз етіледі.

"Бұл агенттер дүкен иелері. Олар ауыл аймақта шағын дүкен ұстайды, олар Саддам үкіметтінен азық-түлікті мөлшермен таратуға рұқсат алған. Бұлар көбіне таза адамдар, олар бұхарамен етене жұмыс жасап, кімнің төлеуге шамасы жоқ, жетім жесір екендігін жақсы таныйды, Ирақ қоғамы осындай бір-бірне бауырмал," - деп мәлімдеді Парадела.

Параделаның айтуынша, соғыстан кейін Ирақтағы барлық затқа баға өсуі себебінен Саддам кезіндегі азық-түлік алушылар оның аз бөлігін өз есебінен төлейтін, ал қазір бұл өзгерген :

"Мөлшермен құны 8 доллар тұратын бір азық-түлік үлесі үшін адамдар 1 доллардың орнына 20 центтің ақшасын төлейтін. Енді жанар -жағар майдың бағасы өсуінен тасымалдаушы компаниялар бағаны артыруға мәжбүр, сондықтан біз отбасылардан енді 20 цент емес 30 не 40 цент төлеулерін сұраймыз."

Параделаның айтуынша, тағы бір шешімін таппай отырған мәселе ол ұрлық-қарлық, АҚШ не британдық қосындар жақын болса жергілікті азық-түлік күзетушілер өздерін батыл сезінеді, ал олар болмаса онда олар қоймаларды алдырады. Өткен айда Бағдаттағы Әл Хурия қоймасында жүздеген тонаушылар өріп жүрген. Оның айтуынша:

"Бұл күзетшілер өздерін батыл сезінбейді, егер біреу міреу күшпен кірсе, оған қарсы тұруға дәрменсіз. Олар алаңдаулы күйде. Кей жағдайда мысалы елдің солтүстігінде, олар, жалақы алмаған және бұған уақытша АҚШ әкімшілігі кінәлі."

АҚШ және британдық қосындар елдегі қауіпсіздікті сақтаумен күнделікті шұғылданған мен олардың күші негізінен Саддамға берілгендер мен өзгеде одақтастарға қарсыларға жұмсалуда. Осы айда АҚШ-тың Орталық басқару орталығынның басшылығынан кеткен генерал Томми Фрэнкстің айтуынша: “Ирақта қазіргі таңда 10-нан 25-ке шейін әртүрлі қақтығыстар болып тұрады. Бұнда 150 мыңдық АҚШ қолы орналасқан.” Фрэнкстың айтуынша, американ қосындары Ирақта төрт жылға шейін қалмақ.

АҚШ президенті Джордж Буш жұма күні жасаған мәлімдемесінде: "Ирақтағы қауіпсіздік мәселесінде біз тап болып отырған ешқандай қиыншылықтар жоқ," - деп мәлімдеген болатын. Бірақ Буш : "Құрама Штаттар қауіпсіздік орнату мәселесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізіп отыр, біз осы жолдан айнымаймыз." - деді.
XS
SM
MD
LG