Accessibility links

Қытай Солтүстік Кореяны ядролық қарулануға байланысты келіссөздерді тезірек аяқтауға шақыруда.


Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Коң Қуанның айтуынша, бұған орай Қытайдың арнайы өкілі кеше Солтүстік Корея басшыларына арнайы хабарды апарып, табыс еткен. “Құрама Штаттары мен Солтүстік Кореяны теке-тірес жағдайында қалдырып отырған, Пхенянның ядролық қарулануы жөніндегі келіссөздер тез арада жүзеге асырылуы тиіс”-, делінген аталған сәлемдеме-хатта. Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Илге жолданған бұл мәлімдеме жағдайдың бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы маңыздылығына мегзеп отыр. Ал, Ройтер ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Қытай тарапы аталған екі ел арасындағы аса маңызды осы мәселеге орай ара ағайындық рөл атқаруға тырысуда. Бұл проблеманың шешілуіне Оңтүстік Корея да үлес қосуға тырысуда. Ал, Солтүстік Корея болса тек Вашингтонмен арада екі жақты келіссөздердің жүргізілгендігін қалайтындығын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG