Accessibility links

Ауғанстан сыртқы істер министрі Абдуллах Абдуллах Құрама Штаттары мен басқа да Батыс елдерінің өз еліне нақты экономикалық көмек көрсетулерін сұрауда.


Бұл мәлімдемесін Ауған министрі кеше Вашингтондағы Азаттық радиосының бас штаб пәтеріндегі мәслихаты кезінде жасады. Халықаралық қауымдастық тарапынан болашақта жасалатын мұндай экономикалық көмектер Ауғанстанның ішкі тұрақтылығын одан әрі нығайтып, өкіметке деген ел сенімін күшейту үшін қажет,- деді. Ол сондай-ақ Ауған өкіметінің көршілес елдер тарапынан ел территориясына болуы мүмкін көз алартушылықтың қандайына болмасын қарсы тұра алатындығын айтты. “Ауғандықтардың өз туған жерінің қарыс қадамын да өзгелердің, қандай себептермен болмасын, басып алуына жол бермейтіндігіне сіздерді сендіргім келеді. Бұл жерде түрлі хабарлар, жағдайлар бар. Бұл жерде жерімізге кимелей ену құбылыстары да болды. Алайда оларды ауған халқы кері қайтарып тастады. Біздің жерімізге басып кіруге байланысты өткен тарихымызда, ешқандай өкімет тұсында ешкім өз мақсатына жеткен емес. Осы мәселені жақсы түсінген жөн. Себебі, мұндай әрекеттер Ауғанстанның тұрақтылығына кері әсерін тигізбек-, деді Абдуллах мырза. Өткен аптада жүздеген ауғандықтар Қабылдағы Пәкістан елшілігі ғимаратына кіріп, іздестірулер жүргізген еді. Мұның өзі шекара маңындағы басып кірушіліктерге қарсылық ретінде орын алды. Ал, ресми Исламабад болса, шекара бұзушылықтың болмағандығын дәлелдеуде. Екі ел арасындағы теке-тірес болған аймақтың шекаралары бұған дейін нақты белгіленбеген екен. Бейсенбі күні сондай-ақ Қандағар қаласында Пәкістан күштерінің даулы шекара аймақтарынан әкетілуін талап еткен бейбіт шерулер де болып өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG