Accessibility links

Палестина өкімет басшысы Махмод Аббас Палестина елбасы Ясер Арафатпен арадағы түсініспеушіліктің аяқталғандығын жариялады.


Кеше бұл екі саяси тұлға батыс жағалаудағы Рамаллах қаласында кездескен болатын. Ол қалаға Арафат мырзаны Израиль тарапының тұйықтап тастағаны белгілі. Өткен аптада Аббас мырза Ясер Арафаттың басқаруындағы саяси комитет құрамынан шығып кеткен болатын. Ол сондай-ақ өкімет басшылығынан да кететіндігін мәлімдеген еді. Себебі, оның әріптестерінің бірі Аббас туралы: “Израильмен арада бейбітшілік келіссөздерді жүргізу үшін тым жұмсақ”-, деп пікір білдірген болатын. Кешегі бұл басқосудан кейін Арафат мырза ешқандай түсініктеме-мәлімдеме жасай қоймады. Ал, Израильмен арадағы келіссөздерге бұрынғы ең басты ара ағайын болған, сондай-ақ Арафат мырзаның ұзақ жылғы одақтасы Сайеб Еракаттың айтуынша, сөйлесулер барысында барлық қиын түйіндер шешілген. Кеше Лондондағы сапары кезінде Израиль өкімет басшысы Ариел Шарон Британия басшыларын Арафат мырзамен барлық байланыстарын үзуге шақырған болатын. Ресми хабарларға қарағанда, Британия сыртқы істер министрі Жак Строу мырза демократиялық жолмен сайланған Арафат мырзаның елбасылық рөлін жоққа шығара алмайтындықтарын айтқан. Осылайша, Шарон мырзаның ұсынысын Британия басшылары қабылдамай тастады. Бүгін Тел Авивте палестиналық шабуылшы бір израильдікті өлтіріп, екеуін жаралаған. Маусымның 29-ы күні Палестина топтары татуласу шараларын жариялағалы бергі Израиль қаласында орын алып отырған бұл-алғашқы шабуыл.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG