Accessibility links

Қазақстандықтардың пікірінше «Жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде» заңның жоқтығы реформалардың алға жылжуына кедергі келтіріп отыр


15 шілде күні Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімшілігінің қызметкерлері журналистермен кездесіп, жергілікті өзін-өзі басқару институтының пайдалылығы жөнінде әңгіме қозғады.


Алматы қаласы Түрксіб аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Салқынбаев: - Біздің ауданда өзін өзі басқару комитеті 1980 жылдан бар, бірақ мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін бұл одан әрі дамыды. Себебі бұрынғы уақыттары әр тұрғын өз мұқтажын айтып, кәсіподаққа, партияға баратын, қазіргі кезде партия да жоқ, кәсіподақ та жоқ.Сол себептен, халық мұң-мұқтажын осы комитетке барып айтады. Әзірге , бұл жергілікті өзін өзі атқару комитеті жөнінде заң жоқ, комитетте жұмыс жасайтындардың әлеуметтік жағдайы қарастырылмаған, бірақ бұл комитеттің маңызы өте зор. Қалалық әкімшілік жергілікті өзін-өзі басқару институтын енгізген Түрксіб ауданына қолдау көрсетіп отырады.

Алматы қалалық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінің бастығы Қайым Мунар Табеев: - Біз қалалық әкімшілік ретінде жергілікті өзін өзі басқару комитетімен тікелей жұмыс жасап отырмыз. Олардың қызметіне техникалық көмек көрсетіп отырамыз. Ал, халықпен осы комитет жұмыс жасайды.

Жоғарыда айталған деректерге қарамастан, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Әкімжан Салқынбаев Қазақстанға бұл институты енгізу әлі ерте деген пікірін де жасырмады.

Қазақстан парламентінің депутаты, Коммунистер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдиннің пікірінше, қазақстандықтар өзін - өзі басқару жұйесіне дайын, бірақ оны мемлекеттік қызметкер жасыруға тырысады.

Қазақстан Парламентінің депутаты, Коммунисттік партияның жетекшісі Серікболсын Әбділдин: - Жалпы бізде «режим» деген сөздің мәнісіне назар аудармайды.Ол бір адамның жасап отырған билігі. Бұрында да Коммунистік партия осындай әдіс қабылдаған, бірақ қазіргі жағдайда біздің Президент одан да асып кеткен қысыммен жұртқа жұмыс жасатып отыр.Оның тағайындаған әкімдері жергілікті өзін- өзі басқару жүйесіне мақұл деп айта алмайды. Әкімдерді сайлау жөнінде ең бірінші болып, ұсыныс жасаған азаматтардың бірі Ғалымжан Жақиянов болды.Қазір оның қайда отырғанын білеміз.Сол себептен әлі ерте деген, бос сөз.Халық демократияға дайын емес, деген өтірік. Біздің халық өте сауатты.

Бұл орайда біз қарапайым алматылықтарға «Жергілікті өзін өзі басқару» институтына және әкімдерді сайлауға қазақстандықтар дайын ба деген сауалды қойдық.

Қарапайым қазақстандықтар: - Жоғарыдан сайланғанда, бұл сайлаудан ақшасы барлар өтеді,ол барлығына белгілі.Ақылды, білікті адамдар жұмыс жасауы керек деп ойлаймын. Жоғарыдағы ұсыныстар арқылы келеді ғой. Халық өзі сайлауға дайын емес сияқты, себебі оларға ондай мүмкіндік беретіні белгісіз. Бұл жерде халықтың пікірімен ешкім санаспайды, сол себептен халық өзі сайлай алмайтын сияқты.

Алматылықтардың басым көпшілігі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жөнінде әңгіме айтқаннан гөрі, әкімдерді сайлау мәселесіне көп тоқталды. Сайланған әкім, - дейді алматылықтар, - жерлігікті басқару жүйесін жақсы атқарады.
XS
SM
MD
LG