Accessibility links

Қазақстанның демократиялық ұйымдары президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады

  • Досан БАЙМОЛДА

Шілденің 15-і күні ҚДТ қозғалысы қазір түрмеде отырған осы ұйымның жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың денсаулық жағдайының соңғы күндері күрт нашарлап кеткендігіне аса алаңдап отырғандығын білдіріп, мәлімдеме жариялады.

Онда Ғалымжан Жақиянов ауыр науқасқа ұшырап, оның өміріне қауіп- қатер төніп отырғандығы айтылған. Қазақстандағы барлық демократиялық күштер Ғалымжанның тағдырына бірдей алаңдаушылық танытып отыр делінген аталмыш мәлімдемеде.

Сондай-ақ шілденің 15 і күні Павлодар облысындағы барлық демократиялық ұйымдар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атына ашық хат жолдаған. ҚДТҚозғалысының Алматы қалалық бөлімшесінің төрайымы Маржан Асфандиярова :

- Біз бұл хатты толық қолдаймыз. Шынымен де Ғалымжанның денсаулық жағдайы ауыр қалде. Оны адамгершілік тұрғысынан ескеріп түрмеден босату керек деп есептейміз-, десе,Жер тағдырын референдум өткізу арқылы шешу жөніндегі қоғамдық комитет төрағасы Балташ Тұрсымбаев та осындай ой-пікірде.
XS
SM
MD
LG