Accessibility links

Ауғанстан ішкі істер министрі Али Ахмад Жалали Ғерат әкімі Исмаил Ханды сынады


Таяуда ғана Ғератқа сапармен барып қайтқан Али Ахмад Жалали, бұл аймақта әлі де қуғын-сүргін жағдайы мен қауіпті ахуал байқалады деп, Исмаил Ханды барлық әскери жасағы мен кеден кірістерін Қабулға тапсыруға шақырды.

Ауғанстан ішкі істер істер министрі Али Ахмад Жалали жақында Ғерат аймағында болып, бұл жердің әкімі Исмаил Ханды сынап қайтқан. Жалалидің айтуынша, Исмаил Хан басшылығы шектеусіз билікті иеленгені соншалық, тіпті қарсы жақ өз пікірлерін ашық айтуға батылы жетпейді, оның орнына ішкі істер министрінің ресми кездесулерінен соң оған жазбаша түрде арыздар ұсынған.

- Мен кесдесуден шыққанда адамдар менің қалтама Исмаил Ханның өте өзімшіл екендігі туралы, оның барлық әрекеттерді өзінің маңындағы топтар арқылы жүзеге асыратындығын және өзінің жеке басының ықпалын қалыптастыруға қимыл жасап, тек Ғераттағы ғана емес басқа аймақтағы мәселелерге араласып жатқанын айтқан арыз-шағымдарын салып жатты.

Ешкім де Ғерат аймағында қанша адам тұратынын білмейді. Ғерат кеңсесінде Талибан режимі құлағаннан бергі жаңа деректер емес, өзінің жеке әдістемелік статистикасы бар.Исмаил Ханның жұмыс орны тіпті ашылмай, үстелдері шаң басқан жабық қалпында тұрады. Ол жердегі жауапты хатшы Исмаил Ханның командасындағы әскерде қанша адам қызмет ететіні жайында , бұл мекемеде қанша адам жұмыс істейтіні жөнінде де ештеңе білмейді. Хатшының білуінше Ғерат маңындағы халық санын қосқанда жергілікті халықтың саны 3 миллиондай болады. Бірақ, бұл аймақтың маңыздылығын төмендетуді көздеген Қабулдың есебі бойынша осы өңірдегі халықтың саны мұның жартысындай ғана болады.

Бүгінде Ғераттағы халықтың саны ауған босқындарының көрші Ираннан оралуымен және елдегі тұрмысы төмен ауылдық жерлерден ағылған жұртпен көбейіп отыр. Келгендерді көбісі шиит мұсылмандарына жатады, олар бұл жердегі алалаушылыққа байланысты Жалабиге арызданды.

- Кейбіреулер , пуштундар билікті әділ бөліспеді деп шағымданды. Сосын олар менің барлық шиит лидерлерін көруімді сұрап, Ғераттағы 70 бөлімнің тек біреуі ғана шииттердің басқаруында отырғанын айтты.

Ғераттың көп кеңсесін бұрын Совет әскеріне, кейінірек Талибанға қарсы күрескен Ауған әскерінің офицері Исмаил Ханға адал берілген адамдар басқарады. Бұл жердегі кәсібилер кеңестің 1,000 мүшесі бар, олар заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен мұғалімдер. Олар демократияландырылған ,орталықтандырылған Ауғанстанды қолдайды. Олар Исмаил Ханның билікті өз ықпалына айналдырып отырғанына қарсы бағыт ұстанғандар. Кәсібилер кеңесінің бір өкілі Рафик Шахирдің айтуынша, ғераттықтар басқа ауғандарға қарағанда , көзі ашық оқыған ,сондықтан да олар Исмаил Ханға қарсы шығады.

Ғераттағы шиит жетекшілері қуғын -сүргінге ұшырап кету қаупінен қорқып, Азаттық радиосының тілшісімен жасырын кездесіп айтқанында , шиитердің, әсіресе Исмаил Ханмен бірігіп Совет әскеріне қарсы соғысқан этникалық хазарлар.

Ғераттағы талибандарға қарсы көтерілген шиитердің жаппай қырылғанына тоқталған. Біздің Исмаил Ханға қатысты арызымыздың бастысы ,сол ауыр күрестерде шайқасқан біздің адамдарымызға қазір ештеңе де бөлінбей отыр деген шиитердің бір өкілі.

Бірақ, шииттер таяу болашақта биліктің бір бөлігін ала қоймас. Екінші жағынан, оларға күш-жігер жетіспейді. Ғераттағы Хезб и Вахдатқа адал берілген 400 -дей ғана жауынгер Исмаил хан командасының бақылауында қалып отыр. Исмаил ханның көмекшісі Қали Массун кемсітіп- алалау жайындағы айыптауларды жоққа шығарды. Ол Ғератта ешқандайда қатаң бақылау жағдайы жоқ , қажет болса базардағы шиитерге қараңыз, Сіз олардың қалағанын жасап еркімен жүргенін көресіз деген.

Массун Исмаил Ханға Советтерге қарсы күрес кезінен бастап қызмет етіп келеді.Қазір ол Ғераттағы полицияны басқарады.Қали Массун Исмаил ханға бас иген қанша әскер бар екенін айтудан бас тартты. Бақылаушылардың есебі бойынша,бұрынғы есептен әлдеқайда азырақ әскери формадағы 3000 адаммен қоса тағы 25,000 қосымша қарулы сарбаз болуы мүмкін. Енді бұдан соң, Исмаил ханның әскери жасағын тапсыру жөніндегі Қабулдың талабынан олар шығып кетпек дейді бақылаушылар.

Дегенмен Исмаил Хан бұл аймақта кең қолдау мен беделге ие дейді Ғераттағы халықаралық көмек қоры үшін жұмыс істеп жатқан білімді жас жігіт Жамал Ашари .Уақыт өте келе Исмаил Хан өзінің жақсы екенін, барлығын да жасай алатындығын көрсетті ,ол жұмыссыздарға жұмыс тауып беруге тырысты және ол қолынан келгенше бәрін тексерді, сондай-ақ, бізде қауіпсіздікке байланысты ешбір проблема жоқ.

Ал, Ғерат әкімі Исмаил ханның Қабулға тәуелді болуы жөніндегі сұраққа Али Ахмад Жалали бұл тұрғыда алға басушылық болады деп сенетіндігін танытты.
XS
SM
MD
LG