Accessibility links

Ирақ басқарушы кеңесінің ісінен сөзі көп болмас па екен?

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Ирақтың уақытша басқару Кеңесі дүйсенбі күні Бағдадта атқарушы мекемелердің жұмысын түсіндіргенімен де, ұйымның басшысы туралы шешімді кейінге қалдырды.

Кеңес Уақытша АҚШ әкімшілігінен билікті ирақтықтардың өз қолына тапсыру мүмкіндігін қарастырмақ. Ирақтың жаңа Кеңесінің ісі мен сөзі бір жерден шыға алар ма екен...

Дүйсенбі күні Ирақтың басқару кеңесі өзінің бірінші отырысын өткізіп, атқарушы үш мекемені құрып және ұйымның басқа да мәселелерін талқылады. Кеңес мүшесі Хошяр Зебаридің айтуынша, ұйым басшысын таңдау кейінге қалдырылып отыр.

Ирақтағы билік басындағы режимді АҚШ соғыс арқылы құлатқан шақтан бастап, Ирақ саяси топтары мен американ ресми өкілдерінің ақылдасуымен құрылған 25 мүшеден тұратын Кеңес демократиялық жолмен сайланған Ирақ үкіметті құрылғанша американ азаматтық әкімшілігіне елді басқаруға жәрдемдесетін болады.

Кеңесте Ирақтың барлық ұлттары мен ұлыстары, діни топтары қамтылған. Оның құрамында 13 шиит, 5 араб суннит, 5 күрд, 1христиан ассириялық және 1 түркімен бар.

Жаңа құрылымға Ирақтың барлық саяси партияларының басшылары кірген. Солардың қатарында Ирақтың Ұлттық Конгресінің көсемі Ахмет Шалаби, шииттердің Ислам революциясының Жоғарғы Кеңесінің басшысы Әбділ Әзиз әл Хаким және екі күрд партиясының серкесі Массуд Барзани мен Жәлел Талабани бар.

Кеңестің 9 мүшесі Ирақа шетелдік саяси мұхаджирліктен оралған, 7-уі Ирақтың солтүстігіндегі Ирақ Күрдістанында тұрған.

Бірақ Саддам заманында елде қалып, көп қудалауларға ұшыраған көпшілікке белгісіз ирақтықтар кеңес құрамында басым.

Кеңес құрамында 3 әйел бар, олар адам құқықтарының белсенділері мен Ирақ Коммунисттік партиясының өкілі.

Кеңес мүшелері шынайы дауысқа ие болып, министрлерді атап және ұлттық бюджетті бекітуге құқылы болғанымен де, Ирақтағы нақты билік әлі де Пол Бремер басшылық жасайтын американдық уақытша кеңестің қолында қала бермек, ол Кеңес шешіміне вето сала алады.

Бремердің айтуынша, ол кеңестің барлық шешімдеріне бақылау жасап, тек шектен тыс жағдайларда ғана араласады.

Кеңестің мүшесі 1960-ыншы жылдардағы Саддам заманына дейін Ирақтың сыртқы істер министрі болған Аднан Пашаши топты басқарып қалуы мүмкін.

Жексенбі күні Бағдадта ресми өкілдер мен саяси қайраткерлер Кеңестің құрылғандығына байланысты өз лебіздерін білдіріп өтті, соның бірі Ирақтағы БҰҰ-ның арнаулы өкілі Сержио Виейра де Меллоның айтуынша, " Ирақ өзінің лайықты заңды орнына оралып жатыр, ол әлемдегі әрі халықаралық қауымдастықтың аясындағы алар орны."

Ирақ Ұлттық Конгресінің мүшесі Энтифадық Қанбардың айтуынша:

"Біз құрылып жатқан тарихтың куәларымыз. Бұл Саддамнан кейінгі бірінші үкімет. Бірінші рет ирақтықтар өздерінің саяси үдерісіне нақты араласып жатыр. Бұл адам құқтарын сыйлайтын және демократияға бағытталған және әлемнің өзге бөлігімен шынайы халықаралық қарым-қатынастарды құрғысы келетін жаңа Ирақ елі танылып отыр."

Бірақ Кеңестің елдің болашағын құрудағы алатын орны әзірше белгісіз.

Лондонда орналасқан Экономикалық барлау мекемесінің Таяу Шығыс пен Африка бөлімшесінің ақылманы Нейл Патриктің айтуынша:

"Менің ойымша, олардың бірінші атқармақ ісі, олПол Бремермен етене жұмыс жасау. Және ол басында кеңесетін мекеме ролінде суреттелсе, енді онымен ақылдасушы ретінде айтылуда. Менің ойымша был шынтуайтында, көбіне семантиканың мәселесі".

Патриктің айтуынша, соңғы қалыптасқан жағдай Кеңес болашақ Ирақ үкіметі үшін тұрақты үлгі болмақ па, оны қазір дөп басып айту қиын.

Кеңестің құрамына қарар болсаңыз, американдықтар Ирақ шииттеріне бұрын- соңды болып көрмеген мүмкіндіктер беріп отыр. Шииттер Ирақ халқының 60 пайызын құрағанымен, араб суннитері дәстүрлі түрде билікке ие болып келді. Қазіргі кеңестің құрамында 13 шиит болса, күрдтер мен өзге азшылықтарды қосқанның өзінде 11 суннит бар.

Патриктің айтуынша, араб суннитері бұл өзгерістерге риза бола қоймас. Оның айтуынша, одақтастарға негізгі қарсылық Бағдадтан солтүстік пен батыста араб суниттер қоныстанған аймақтарда басым, бұл суннитер тек Саддам Хусейінді қолдауынан емес, көпшілік сунниттердің арасында жаңа Ирақтағы билік шииу саяси қайраткерлерінің қолына беріледі деген түсініктің қалыптасуынан.

Патрик Кеңестің алдынан туындайтын ең басты қиыншылық ол қарапайым ирақтықтардың жүрегіне жол табу дейді:

"Ең басты қиыншылық ол басқару кеңесінің қарапайым ирақтықтардың сеніміне ие бола білуі, ондайлар қарулы қарсылық танытушылар емес, олар басым көпшілік."

АП агенттігіне пікір білдірген ирақтықтар қабылданған істі құп көруде, соның бірі 35 жасар Ризақ Абдул Захра атты инженер, оның айтуынша, " кеңестің құрылуы елдегі демократияның туындауы."

Бірақ көпшілік американдықтардың шешіміне күмәнмен қарайды. 22 жасар университет шәкірті Басим әл Дулеймидің АП агентігіне айтуынша "мен бұл кеңесті американдықтар Ирақтағы өз мақсаттары үшін пайдаланғанын көргім келмейді."

Елдің сыртындағы пікірлер де сан алуан, дүйсенбі күні Араб елдері бірлігі ұйымының басшысы Әмір Мұса Кеңестің нақты билікке ие болатындығына күмән танытады. Оның айтуынша: "Егер кеңес мүшелері тағайындалмай, сайланған болса,онда ол шынайы билік пен халықтың сеніміне ие болған болар еді."

Ресей сыртқы істер министрі Игорь Ивановтың айтуынша: "Бұл бұрыс бағытағы қадам -, өз сөзін жалғастырып ол -, Мәскеу биліктің Ирақ халқының қолына мүмкіндігінше тез берілуін көргісі келеді"-деген.
XS
SM
MD
LG