Accessibility links

Пәкістан мен Ауғанстанның шекара дауы талқыланды


Пәкістан әскері Ауғанстан шекарасын бұзды деген мәліметті Пәкістан үкіметі тағы жоққа шығарды. Осы сарындағы мәліметті таратып жүрген есімі белгісіз үшінші тарапқа бас министр Зафарулла Хан Жамали сөгіс айтты. Пәкістан әскері Ауғанстан жеріне кіріп жүрді деген қауесет соңғы күндері бір қатар наразылық қимылға түрткі болды. Мәселен, екі жүз шақты ауғандық кеше Қабулда шеру өткізді. Ауғанстан, Пәкістан және АҚШ өкілдері кеше Қабулда мәслихат құрып, мәселенің анық қанығына жетуге тырысты. Сол сияқты Ауғанстанда, Қандағар қаласының маңында өткен түні полиция бекеті атқыланды. Бес сақшы өлтірілді, екеуі жарақат алды. Бұл істі талибандық жауынгерлер тындырды деп сезік айтылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG