Accessibility links

Солтүстік Кореяның күдікті атом бағдарламасының мәселесін АҚШ дипломатиялық жолмен шешкісі келеді


Ақ үй өкілі Скотт МакКленэн Америка Құрама Штаттары бұл мақсатта Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореямен бірге жұмыс істейтін болады деп сипаттады. Атом бомбасының отынын өндіріп жатырмыз деген Солтүстік Кореяның мәлімдемесі сенім туғызбайды, деді Скотт МакКленэн: - Солтүстік Корея әлі де болса екі жолдың алдында тұр. Сөзі мен ісінің кері әсерінен олар барған сайын оқшауланып келеді. Дегенмен, олар атом бағдарламасын тоқтатып, көпжақты келіссөзге көне алады. Сонда Солтүстік Корея алға басады. Халықаралық қауымдастық оларға ұсына алатын мүмкіншіліктерді Солтүстік Корея кеңінен пайдалана алатын болады, деді Скотт МакКленэн.
XS
SM
MD
LG