Accessibility links

Украина президенті сайлау мәселесінде оппозицияға көнді


Украина президенті Леонид Кучма ел конституциясын өзгерту жөніндегі әрекетін тыйды. Бұған оппозицияның қарсылығы, парламенттегі оппозициялық депутаттардың наразылығы септігін тигізді. Леонид Кучма президенттік сайлауды 2004 жылдан 2006 жылға жылжытпақшы еді, президенттік және парламенттік сайлауларды қоса өткізу сылтауын алға тарқан. Оппозиция мұны президенттік билікті тағы соза түсудің амалы деп қабылдады. Кучма болса реформа қамын жеп отырмын деп пысықтады. Мәселе парламентте қызу қақтығыстарға әкеліп соққан болатын.
XS
SM
MD
LG