Accessibility links

Германия Сыртқы істер министрі Вашингтонға сапармен келді.


Бүгін ол АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауелмен кездеспекші. Кездесу барысында Ирак пен Ауғанстандағы жағдай және Құрама Штаттары мен Германия қарым-қатынастары талқыланбақшы. Ирак соғысына басынан қарсы болған Германия елі егер БҰҰ-ның Ирактағы атқаратын міндеті айқын болған жағдайда ғана аталған елге өз күштерін жіберетіндгін айтты. Фишер мырза сондай-ақ Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Кондолеза Райс ханыммен де кездесетін болады. Бұл сапар- Фишер мырзаның Ирак соғысы басталғалы бергі аралықта Құрама Штаттарына алғаш келуі. Нью-Йоркте кеше сөйлеген сөзінде Фишер мырза транс-Атлантикалық мықты байланыстар 21-ші ғасырдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі деді.
XS
SM
MD
LG