Accessibility links

Қытай сыртқы істер министрі Ли Жаоксиң мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Колин Пауел бүгін Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы дағдарысы туралы телефон арқылы сөйлесті.


Шинхуа ақпарат агенттігі олардың нақты әңгімелері жөнінде хабар бере қойған жоқ. Кеше кешкілік Құрама Штаттарының ел басы Жорж Буш әкімшілігі: “Солтүстік Кореяның ядролық қарулар жасау үшін қажетті плутониді жеткілікті дәрежеде өндіргендіктері жөніндегі мәлімдемелері айрықша назар аударуды талап ететін жағдай”, деді. Ақ үй өкілі Скот МкКлелан пхеньяндық бұл мәлімдеменің рас не жалғандығы жөнінде Буш әкімшілігінің пікір қоспайтындығын айтты. Оның сөзіне қарағанда, аталған дағдарысты сауалға орай Құрама Штаттары Қытаймен, Жапониямен, Оңтүстік Кореямен бірлікте Пхеньянның ядролық қару бағдарламасын тоқтату жолында жұмыстар атқаратын болады. - Солтүстік Корея үшін екі түрлі таңдау бар. Өз әрекеттері мен өз сөздеріне бола олар өздерін-өздері одан әрі тұйықтай берулеріне болады. Немесе ядролық қару бағдарламаларын жоюда ашық әріптестікке қадам жасап, сол арқылы көп жақты келіссөздерге жол ашуларына, содан кейін ілгері қарай ұмтылыс үстінде, халықаралық қауымдастық тарапынан ұсынылатын пайдаларды іс жүзінде көрулеріне болады, - деді МкКлелан мырза.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG