Accessibility links

Әзірбайжандағы сайлауға Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы алаңдаулы


Әзірбайжанда қазанның 15-де президент сайлауы болады. Ғейдар Әлиев Әзірбайжан басшылығына үшінші рет өтуі мүмкін. Оппозициялық партиялар алдағы сайлау тағы да бұрмаланады деп алаңдайды. Мәселен, Ғейдар Әлиевпен күш сынаса алатын екі тұлға сайлауға қатыстырылмай отыр. Оппозициялық ұйымдардың кейбір адамдары қамауға алынды. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Әзірбайжан президентін іріктеу тағы да әділ өтпейді, осы жолғы жағдай тіпті апатқа әкеліп соғуы мүмкін деп кеше мәлімдеме жасады. Әзірбайжандағы сайлаудың барысына кеше сондай ақ АҚШ сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG