Accessibility links

Ирақтағы қарсылық партизандық қимыл деп танылды


Ирақтағы американдық жаңа қолбасшы генерал Джонн Әбизаид мұндағы қарсылық қимылдары ұйымдастырылған партизандық тәсілге ұқсайды деп мәлімдеді. Алты-жеті-сегіз жауынгерден жасақталған топтар гранатомет, пулеметтермен қаруланған, шеттен ақша алып тұрады. Алайда, оларға жол бере қоймаспыз, деді Джонн Әбизаид: - Араб газеттеріне қарасаңыз, олар американдықтарды кезінде Бейруттен, Сомалиден құдық, Бағдадтан да шығарып жібереміз деп жазады. Бұл шындықпен жанаспайды. Олар бізді еш бір жерден ығыстырған емес. Бұл мәлімдеменің алдында АҚШ бастаған одақтастардың әскерлеріне және серіктес ирақтықтарға қарсы кеше тағы бірнеше шабуыл жасалды. Хадизә қаласының әкімі және оның ұлы оққа ілініп, қаза тапты. Басқа бір жағдайда бір американдық сарбаз қаза тапты, екеуі жараланды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG