Accessibility links

Ирақ мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі тағы көңіл бұрып жатыр


Ирақта тұрақтылық орнатуға ұйым мүшелерінен көбірек үлес қосу сұралмақшы. Бас хатшы Кофи Аннан Ирақта Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін арттыру жөнінде кеңесу басталды деп сәрсенбі күні хабарлады. Қауіпсіздік кеңесінің кезекті президенті, Испания елшісі Инокентио Ариас мұндай сөйлесулер кеңестің шеңберінде емес, жеке мемлекеттердің арасында өтіп жатыр деп сипаттады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы белсенділігін арттыруды Испания қолдайды, деді Инокентио Ариас. Осы сарындағы сөйлесулердің жүріп жатқанын Британия елшісі болса растамады. Германия, Франция және Үндістан Ирақ шаруасына Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғарымы болса қане белсенді араласамыз деп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG