Accessibility links

Колин Пауелл Солтүстік Кореяның атом мәселесі шешіледі деген сенімде


АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Солтүстік Кореяның күдікті атом бағдарламасының мәселесі жақын арада дипломатиялық жолмен шешіледі деген сенімдемін деп мәлімдеді. Дипломатиялық әрекеттеріміз әлі бабында, жақын арада жемісін көреміз деп отырмын, деді Колин Пауелл сәрсенбі күні. Дегенмен, Колин Пауелл бұдан артық егжей тегжейлі мәлімет айтпады. Колин Пауелл және Қытай сыртқы істер министрі Ли Жаоксиң Солтүстік Кореяның атом мәселесін телефон арқылы талқылады. Атом бомбасын өндіруге жеткілікті мөлшерде плутоний қамдадық деп Солтүстік Корея мәлімдеген болатын. АҚШ әкімшілігі бұған сенер-сенбесін білмейді.
XS
SM
MD
LG