Accessibility links

Ауғанстанның жаңа Ата заң жобасы әзірлену үстінде.


Сол Ата заңды мақұлдайтын Лойа жырғаның құрылып жатқандығы жөнінде ел өкімет басшысы Хамид Қарзай хабарлады. Лойа жырға құрамында болатын 500 мүшенің 450-і сайланып қойылатын болады. Ал, қалған 50-і тағайындалмақшы. Олардың 64-і әйелдер өкілінен сайланатын сыңайлы. Бұл сайлаулар мерзімі әл-әзір белгілене қойған жоқ. Қарзай мырзаның сөзіне қарағанда жаңа Ата заң егжей-тегжейлері қарашаның 1-іне қарай жарияланбақшы. Жаңа жоба төңірегіндегі пікір алысулар консервативтік бағыттағы мұсылмандар мен бекзаттық даму бағытын жақтаушылар арасында дау-дамай туғызып отыр. Олардың біріншілері Шариғат заңдарының енгізілуін жақтаса, екінші топ еркін құндылықтардың үстем болуына күш салуда. Ауғанстанның соңғы Ата заңы 1964-ші жылы қабылданған екен. Дәл осы тұста Ауған астанасы Қабылдағы көп ұлтты бригадаға басшылықты Британия жасақтары Канада тарапына тапсырып жатты. Бұл бригада БҰҰ жанындағы Халықаралық қауіпсіздік көмек күштерінің бір бөлігі ғана дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG