Accessibility links

Астана қаржы полициясы жарты жылда 180-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады


Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті жарты жыл ішінде 180-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Астана қаласының қаржы полициясының департаменті осы жылдың алты айында құқық бұзушылық және қылмыс жасалғаны туралы 488 арыз тіркеді.

Бұл оқиғалар бойынша 179 қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылға қарағанда бұл 24,3 пайызға артық,-деп хабарлады Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Сот қарауына жіберілген істер бойынша 51 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Қаралып біткен қылмыстық істер бойынша 30,7 млн. теңге шығынның орыны толтырылған.

Жарты жылдың ішінде 180-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылар анықталған. Оларға 1 млн. 350 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, 681 мың теңге өндірілген. 160-тан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтау барысында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 6 қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG