Accessibility links

«Ақ жол» партиясы күзде өтетін сайлауға қатысады


17 шілде күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында «Ақ жол» демократиялық партиясы тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменов баспасөз мәслихатын өткізді.

Онда Әлихан Бәйменов «Ақ жол» партиясының күзде өтетін сайлауға қатысатынын жариялады.Әлихан Бәйменовтың айтуынша, сайлауға қатысатын азаматтар партияның атынан емес, өздерін -өздері ұсыну арқылы тіркеледі. Осы арқылы, дейді Әлихан Бәйменов сайлау барысында жіберілетін заң бұзушылыққа жол бермеуге болады.

«Ақ жол» партиясының тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменов:

- Қай деңгейде болмасын, атқарушы биліктің сайлауға араласуына мүмкіндік беріліп отыр. Оған сайлау басталмай-ақ, үміткерлер құжаттарын тапсыру барысында біздің көзіміз жетті. Қазір біздің қолымызда көптеген заң бұзушылық, немесе заңның әр түрлі жолмен түсіндіретін дәйекті дәлелдер бар,біз оларды әлі жинап жатырмыз.Бұл жөнінде біз сіздерге хабарлап тұрамыз.Бірақ біз аяғына дейін күресеміз, егер заң бұзушылыққа жол бермесе, онда біздің көптеген үміткерлеріміздің жеңіске жететініне сенімдіміз.

Жоспар бойынша күзде өтетін сайлауға «Ақ жол» партиясына мүше немесе партияны қолдаушы бір мың адам қатысады. Әзірге 250 адам тіркеуден өткен.

Дәрігерлер мен ұстаздар сары ауруға қарсы бірлесіп күреспекші.

17 шілде күні Алматыда «Балалар арасындағы «А» жұқпалы гепатит . Алдын алу шаралары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Онда мамандар Қазақстандағы 8 мыңнан астам мектептегі 3 миллион 200 мыңнан астам оқушының 20 мыңдайы жұқпалы гепатитпен, яғни сары аурумен ауырады деп жариялады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық орталығының бас директоры Айқан Ақанов:

- Білім және Ғылым министрлігі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық орталығының қызметкерлері бірігіп, тамыздан бастап оқылымдарға қатысады. Арнайы ақпарат беретін оқулықтар шығарамыз, бақылау жүргіземіз, ата-ана, ұзтаздар арасында ақпарат таратамыз.

Ең алдымен, мектептердің әлеуметтік жағдайын ретке келтіру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты мектепттер» атты жобасы бойынша, бұл аурудың алдын алуға көп ақшаның қажеті жоқ, тек ақпарат таратып, тазалық сақтап, балалардың, олардың ата-аналарының және мұғалімдердің сана-сезімін көтерсе, сары аурудың алдын алуға болады.
XS
SM
MD
LG