Accessibility links

Теміртау қаласында Азаматтық партияның 4-құрылтайы өтті


Шілденің 17 -сі күні Теміртау қаласында «Азаматтық» партияның 4-ші құрылтайы өз жұмысын бастады.

Осы партияның баспасөз қызметі өкілінің хабарлауынша Қазақстанның барлық облыстарынан келген өкілдер алдағы күзде өтетін жергілікті мәслихатқа сайлауға дайындық жұмыстарын талқылып, сөйлескен.

Азаматтық партия төрағасы Азат Перуашев радиомызға берген сұхбатында :

- Осы алдағы күзде өтетін жергілікті мәслихатқа депутаттар сайлау жұмысына партия атынан сайлауға түсетін үміткерлерді ұсындық. Бұл бүгінгі құрылтайдың басты бір мақсаты болды. Жалпы саны 570- тей адам ұсындық, - деді.

Сондай-ақ партия сьезі сайлаушылармен жаңаша түрде жұмыс істеу қажеттілігін атап өткен.
XS
SM
MD
LG