Accessibility links

Днестр республикасы мен Молдованың қатынасы одан ары қиындай түсті


Молдовадан іс жүзінде 1992 жылы бөлініп шыққан Днестр республикасы осы елден келетін тауарларға 100-процент салық еңгізді. Бұл бұрынғы салықтың мөлшеріне қарағанда бес есе көп. Днестр республикасының үкіметі еліміздің өнеркәсібін сақтауға мүдделіміз деп айтты. Ал мұның алдында Украина мен Молдова Днестр республикасынан шығатын тауарларды сатып алмауға уәделескен болатын. Орыс халқы басым Днестр республикасы Молдовадан қысқа мерзімді қақтығыстан кейін бөлініп шыққан. Молдова президенті Владимир Воронин Днестр республикасы деп бөлінген аймақты қайта бағындыруға жақында тағы әрекет жасады. Алайда, мұндай қимылдар әдетте нәтижесіз қалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG