Accessibility links

Орталық Азия мемлекеттері шекара ынтымақтастығына шақырылды


Қырғызстанда жүрген Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Джаап де Хууп Шеффер ортаазиялық мемлекеттерді шекара мәселесінде сабырлыққа шақырды. Аймақтың тұрақтылығы шекара мойындамайтын қылмыскерлікке қарсы күрестегі серіктестікке тәуелді, деді Джаап де Хууп Шеффер. Мұндай үндеуге Қырғызстанда сәрсенбі күні өзбек шекарашысының қолынан бір азаматтың қаза тапқаны түрткі болды. Қырғызстан бас министрінің орынбасары Базарбай Мәмбетов оқиға мұқият зерттеліп жатқанын мәлім қылды. Мәліметке қарағанда, қырғыз азаматтары шекаралас өзеннің үстінен көпір салу мәселесін талқыламақ болған. Кырғыз азаматтары мен өзбек шекарашыларының арасындағы дау бір азаматтың өлтірілуімен тынды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG