Accessibility links

АҚШ сапарында жүрген Тонни Блейер Конгресте сөз сөйледі


Британия басшысы Ирақ, Таяу Шығыс мәселелеріне, әлемде тұрақтылықты нығайту шаруасына егжей-тегжейлі тоқталды. Халықаралық терроризм мәселесі Таяу Шығыста бейбітшілік орнамай қысқармайды, араб әлемі Израйлды мойындаса жөн, Палестинаға тәуелсіздік берілсе жөн, деді Тонни Блейер. Саддам Хұсейннің үкіметін құлатқанымыз дұрыс, Америка мен Англияның қимылына тарих оң бағасын беретін болады, деді Тонни Блейер: - Одақтастар Ирақта демократия орнатуға уәде айтқан, енді осы мәселеге бірлесіп кірісейік. Бұдан басқа жол жоқ. Әділ, сәтті соғысты жүргізу бұдан оңай емес, дегенмен бейбітшілікке қол жеткізіп отырмыз. Конгресте сөйлеген соң Тонни Блейер президент Джордж Бушпен келіссөз өткізіп жатыр. Бірлескен баспасөз мәслихатында Екі басшы Ираққа тағылған кейбір айыптар күмәнді деректерге сүйенді деген қиын сұрақтарға тап болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG