Accessibility links

Әділет министрлігінің жарты жылда атқарған жұмысы қанағаттанарлық емес


Әділет министрлігінің жарты жылда атқарған жұмысын қанағаттарлық деп есептеуге болмайды.

Ал, әділет органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда сол құрылымдық бөлімшенің басшысы да жауапкершілікке тартылатын болады. Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, шілденің 18-і күні осы саланың алты айдағы жұмыс қортындысына арналған алқа мәжілісінде осылай деп мәлімдеді.

Әділет министрінің айтуынша, Үкіметтің заң жобаларына арналған жұмыс жоспары биылғы жылы 30 пайызға ғана орындалған. Сондықтанда жоспардың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Өткен кезеңде әділет органдарына 6699 акті тіркеуге келіп түскен. Олардың 4407-і ғана тіркеуден өткен. Қалған 1009 актіні мемлекеттік тікреуден бас тартылған. 900-ден аса жүргізілген тексерудің барысында заңсыз қолданылған 805 нормативтік құқытық акті анықталған. Бұл жағдай қткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 13 пайызға дейін өскен. Заңсыз қолданылған мұндай актілер, әсіресе, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің сонымен бірге Ақмола және Ақтөбе облыстарының үлестеріне тиеді.

Ал, Шығыс Қазақстан және солтүстік қазақстан облыстарында 75 заңсыз нормативтік құқықтық актінің шығарылғаны анықталған. Ал, әділет органдарының өздері 2200-ден аса заңға сәйкеспейтін осындай құжаттарды қолданудың алдын алыпты.

Қазіргі уақытта республикада 900 жеке және 120 мемлекеттік нотариус жұмыс істейді екен. Алайда, 18 елді-мекен бұндай қызметке әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр.

15 елді-мекеннің тұрғындары адвокат қызметіне қол жеткізе алмауда.

Ал, Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Мұхамеджан Пақырдіновтің айтуынша, республиканың жоғары оқу орындары соңғы үш жылда 40 мыңға жуық заңгер дайындап шығарыпты.

Мұхмеджан Пақырдінов сын айтқан тағы мәселе, минстрліктегі мемлекеттік тіл мәселесіндегі жұмыстың жеткіліксіздігі жөнінде болды.Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның орындалуы да ойдағыдай емес. Өйткені, қозғалған қылмыстық істер саны төрт есе өскен. Биыл 8 адам сотталған.

Мұхамеджан Пақырдінов министрліктің абырой-бедел бғадарламасын қабылдауды жеделдетуін ескертті.

Қазақстан өлім жазасын өмірлік бас бостандығынан айырумен ауыстыру шарасын қолға алып жатқаны белігілі.

Әділет министрінің айтуынша, Қазақстан бұл іске 2004 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кіріседі. Бұл орайда Павлодар облысында арнайы тәртіптегі колония салу жоспарланған.
XS
SM
MD
LG