Accessibility links

Григорий Марченко Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрімен кездесті.

  • Сәуле ОМАР

ҚР Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко Қазақстанға ресми сапармен келген Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрі Джордж Еомен кездесті.

18- шілде күні ҚР Ұлттық Банктің төрағасы Григорий Марченко Қазақстанға ресми сапармен келген Сингапур Республикасының Сауда және индустрия министрі Джордж Еомен кездесті. Бұл туралы жұма күні Ұлттық банктың баспасөз қызметі хабарлады.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, жабық есік жағдайында өткен кездесуде республикадкғы қаржы реформасының жүргізілу барысы мен мемлекеттер арасындағы сауда-саттық мәселелелері сөз болған. Кездесуден кейін Джордж Ео Ұлттық банктің мұражайын аралап, Қазақстан қаржы саласының тарихымен танысқан.

Сонымен қатар, Джордж Ео 18 шілде күні Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновпен, Қазақстанның Индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековпен де кездесті . Сондай-ақ, осы сапар барысында сингапур министрінің қазақстандық және республикада жұмыс жасап жатқан бірқатар трансұлттық компаниялардың өкілдерімен басқосуы жоспарланған.
XS
SM
MD
LG