Accessibility links

Автокөліктер жіті бақылауда болады


Алматы облыстық жол полициясы облыстық автожолдармен бақылау аймағы арқылы өткен автокөліктердің мемлекеттік номерін тіркеп отыруға мүмкіндік алды.

Бұл туралы жұма күні Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Осы мақсат үшін "Поток-Ағын" атты аппараттық бағдарламалар сатып алынған.

"Поток" кешенінің біреуі Қапшағай тексеру бекетінде орнатылса, екіншісі қазір Алматы-Бішкек тас жолының 59-шақырымында орнатылуда.

Полицияның түсініктемесіне жүгінсек, бұл қондырғы тіпті сағатына 150 шақырымдық жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан көліктің де мемлекеттік номерін байқап, тіркей алады. Сол ақпарат бас компьютерге жіберіледі. Соның нәтижесінде автокөліктің қожайынын дереу анықтауға болады.

Осындай қондырғы Қапшағай тексеру бекетінде орнатылғаннан кейін бірнеше тәулік ішінде 20-дан астам заң-ереже бұзу оқиғасы әшкереленді. Полиция қызметкерлерінің пікірінше, аталмыш қондырғының маңызы ұрланған автокөліктерді әшкерелеуде айрықша зор. Екі қондырғының жалпы құны 3 миллион теңгені құрайды.
XS
SM
MD
LG