Accessibility links

Қазақстандықтардың Ирақтағы жағдайға байланысты көзқарасы


Үстіміздегі жылдың көкек айында Ирақта болған жағдайға, яғни соғысқа байланысты біз курд және түрік ұлтты Қазақстан азаматтарының пікірін білген болатынбыз.

Бүгінгі бағдарламамызда біз бұл азаматтардың қазіргі Ирақ жөніндегі көз-қарасын білуге тырыстық. Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі Үсен Садықовтың пікірінше, кез-келген күрд Ирақта болып жатқан жағдайға алаңдаушылықпен қарайды, кез-келген күрд тәуелсіз Күрдістан болатын шығар, деп үміттенеді, бірақ бүгінгі күні бұл мүмкін емес, дейді ол.

Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі Үсен Садықов: - Ирақтағы Күрдістан көп жылдан бері соғысып келе жатыр. 1990 жылы Кувейттегі оқиғадан кейін, Күрдістанды жеке мемлекет, деп санауға болады. Бұл тек халықаралық деңгейде мойындалмаған мемлекет. Олардың жетекшілері, дәстүрі, заңдары демократияға сай келеді. Саддам Хұсейіннің режимі құлағаннан кейін, американдықтар Күрдістанды көргенде аң-таң болған. 12 жылдың ішінде курдтер қалай гүлденген, Күрдістанды құрған, деп. Бірақ американдықтар қазір Күрдістанды құруға қорқады. Бір жағында Иран бар, екінші жағында Түркия бар, үшінші жағында Сирия бар. Сол себептен, олар федерация құруға дайын. Мысалы, Қазақстанда тұратын курдтердің саны ресми түрде 33 мың дейді, бірақ біздің қатарымыз 100 мыңадамға жетіп қалған. Соның өзінде, бізде Қазақстанда күрд тілінде мектеп бар, газет, журналдарымыз бар, дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды сақтап келе жатырмыз. Түркияда 22 миллион адам күрд бар болғаны мен,алайда бұл елде күрд тілінде дым жоқ, мектеп жоқ, газет журнал жоқ. Сол себептен, күрдтер бірден мемлекет құрады, дегенге сенбеймін.

Сонымен қатар Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі Үсен Садықов Күрдістан мәселесі Израил мен Палестина арасындағы мәселе шешілмей қолға алынбайды, деген пікірде.

Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі Үсен Садықов: - Мен оған сенбеймін, себебі қазір Таяу Шығыстағы ең күрделі мәселе, осы Израил мен Палестина мәселесі. Осы жағдай қалыпқа келтірілсе, олар осы күрд мәселесіне көніл бөледі, бірақ олар бұл мәселеге бармайды. Себебі бұл оларға өте қиын мәселе. Күрдтер мәселесі Шығыстағы ең күрделі мәселе, Америка түрктерге, сириялықтарға, ирандықтарға қарсы шыға алмайды. Ғалым ретінде айтатыным, Түркия демократияға бет бұрып, күрдтерге өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік берсе, әдет-ғұрпын, күрд тіліндегі газет, журналдарының шығуына мүмкіндік берсе, күрдтерге осының өзі жетеді.

Қазақстандағы түріктер қауымдастығының мүшесі Мустафа Әкіфовтың ойынша, курдттер тәуелсіздікке қол жеткізуі мүмкін, бірақ бұл өте күрделі мәселе.

- Менің ойымша, бұл Күрдістан деген көптен келе жатқан ой. Ал, енді Саддам Хұсейіннің режимі құлағаннан кейін, Күрдістан мемлекетін құру мүмкін шығар,мүндай мүмкіндік бар, деп ойлаймын.Себебі бұл үлкен халық, әлемге шашырап кеткен халық, сол себептен олар өздерінің тәуелсіздігін армандайды ғой, мемлекеттері құрылсын, соны тілеймін. Бірақ бұл өте қиын мәселе. Оның себебі мұндай: әр-бір мемлекеттің өз тәртібі бар, тарихтар бөлген жерлері болады.

Сонымен қатар Мустафа Акіфов Курдістан мәселесіне Түркия мемлекеті қарсы болады деген ойда.

Қазақстандағы түрктер қауымдасытығының мүшесі Мұстафа Әкіфов:СНХ - Әлі Ирақта үкімет құрылған жоқ, егер бұл мәселені Ирақта үкімет құрылмай көтерсе, өте қиын болады. Ал,үкімет құрылып, арнайы заң шықса, онда жақсы, бірақ бұл өте күрделі, қазір шешімін табатын мәселе. Меніңше, Америка қанша күшті болғаны мен бұл мәселені шеше алмайды. Сонымен қатар, бұл мәселеге Түркия келіспейді. Себебі Күрдітанды құру үшін олардың жері болу керек. Ал, Түркия жерін бермейді. Егер қазір жер берсек, ертең олар тағы жер талап етеді, сол себептен Түркияның бұл мәселеде өзінің саясаты бар.

Қалай болғанымен күрдттер қауымдастығының мүшесі Үсен Садықотың айтуынша, күрдттер Күрдістанның тәуелсіздігін армандап, әр-дайым дайындалып жүреді.

Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының мүшесі Үсен Садықов: - Мен, аспирант кезімде, яғни 1967 жылы күрдтердің жетекшісі Мұстафа Барзанимен кездесуге бардым, сонда жас жігіттер сұрақ қойды, біз қандай көмек бере аламыз, деп. Сонда Мұстафа Барзани, - "сендер мамандарды дайындаңдар, болашақта жоғары деңгейдегі мамандар керек болады, деген." Сол себептен біз балаларымызды оқытып, соларға білім беруге тырысамыз, сауатсыз күрдтер көп, миллиондап саналады.

Қазақстанның түрік және күрд ұлтты азаматтары Күрдістанның тәуелсіз мемлекет болғанын тілейді, бірақ екі ұлтты баласыда бұл өте күрделі мәселе екенін айтады.
XS
SM
MD
LG