Accessibility links

Вацлав Гавел Американың ең жоғары азаматтық даңқ мәртебесіне ие болды.


АҚШ президенті Ж. Буш Чехия республикасының бұрынғы президнеті Вацлав Гавелді Американың ең жоғары азаматтық даңқ мәртебесіне лайық он тұлғаның бірі ретінде атады. Саясат пен мәдениет, ғылым мен спорт саласының таңдаулы он өкілі Америка президентінің қолынан Азаттық медалін алатын болады. 66 жасар Гавел Совет одағының Чехославакияға басып кіруіне қарсы күрескен "Хартия77" демократиялық ұйымының мүшесі болған диссидент, 1989 жылы елде жүзеге асқан "барқыт төңкерісінде" негізгі рол атқарған тұлға. Вацлав Гавел жане басқа да азаматтық даңқ мәртебесіне ие болған 9 адамға 23 шілде күні Ақ үйде Азаттық медалдары салтанатты жағдайда табыс етілетін болады.
XS
SM
MD
LG