Accessibility links

Албанияның сыртқы істер министрі қызметінен кеткен.


Албанияның сыртқы істер министрі Илир Мета кеше кешкісін социалист премер-министр Фатос Наномен арадағы келіспеушіліктен соң отставкаға кеткен. Франсс пресс агенттігі Метаның " Мен Нано мырзаның сыртқы істер министрлігін өз басқаруында ұстағысы келетін екіжүзділігімен және авторитарлығымен келісе алмаймын" деген сөздерін берген. Мемлекеттік теледидар Мета үкіметтік тиімділік кездесуі барысында Наномен дауласып қалған соң қызметінен кетуге мәжбүр болды деп хабарлайды. Мета да билік басындағы Социалистік партияның мүшесі. Ол 1999-2002 жыл аралығында Албанияның үкімет басы қызметін атқарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG