Accessibility links

БҰҰ-ң Халықаралық атом агенттігінің басшысы кеше Солтүстік Корея ядролық қаруды басқарып, бақылау жөніндегі бүкіл әлемдік күш-жігерге аса қатты қауіп төндіріп отыр деп мәлімдеген.


Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің жетекшісі Мохаммед Әл-Барадей ядролық қару тексерушілерді елге кіргізу жөнінде Солтүстік Кореяға тағы да қысым жасау туралы халықаралық қауымдастыққа өтініш айтқан. Ол өзінің соңғы хабарларға байланысты алаңдаулы екендігін малімдеген. Пхеньян агенттік кепілдігінде болған ядролық отынды өңдеуге кіріскен болу керек деген ол. Бұл өңдеуден плутоний алынады, ал өз кезегінде ол ядролық материал болады. Солтүстік Корея атом агенттігінің қару тексерушілерін елге кіргізуге желтоқсан айында тиым салған болатын. Дегенмен де, Қытайдың жоғары дәрежелі дипломаты Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасы дағдарысын қалай шешу жолдарын талқылау мақсатында Вашингтонға келген. Сыртқы істер министрінің орынбасары Даұ Бинггұо кеше кешке қарай АҚШ-ң мемелекттік хатшысы Колин Пауеллмен кездесіп, өзінің жақындағы Солтүстік Кореяның лауазымды өкілдерімен өткізген келіссөздері жайында пікір алысуы керек болатын. Мемлекеттік департаменттің өкілі Ричард Баучер бұл талқылаулар аталған дағдарысты қалай да бейбіт және дипломатиялық жолмен шешу жақтарын қарастырады деген.
XS
SM
MD
LG