Accessibility links

Ақ үй Ирақтың ядролық қару үшін уран іздегендігінің дәлелі бола алатындай деректер келтірілген құпия мәліметтерді жария еткен.


2002 жылғы қазан айындағы ұлттық зерттеулердің бұл кеше жарияланған тарауларында Американың барлау ангеттіктерінің көпшілігі Ирақ ядролық қару материалдарын алу үшін агрессиялық қимылдар жасады дегенге сенімділігі айтылады. Міне бұның өзі Ирақтың жаппай қырып-жою қару бағдарламасын дамытқанына дәлел бола алады делінген. Алайда зерттеулер қорытындысына сондай-ақ, Мемлекттік департаменттің зерттеу- барлау бюросының уран жайындағы мәліметтердің басы ашылмаған деректер екендігі жөнінде баламалы деректері де берілген. Бюроның бағалауында Ирақ Африкадан уран іздеді деген мәлімдеулер күмәнді делінген. Президент Буштың қаңтар айындағы сөзінде Ирақтың Африкадан уран алмақшы болғанын Англия анықтады деп айтылды. Британия бұл айтылғандарды жоққа шығармайды, бірақ та Американың лауазымды өкілдері уран жайындағы бұл деректер Буштың сөзіне енгізілмеуі керек еді, өйткені ол айтылғандар бір ғана ақпарат көзіне негізделген болатын дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG