Accessibility links

Германия Ауғаныстанға жіберген бітімгершілік әскерінің санын азайтпақшы.


Германия Ауғаныстан тұрақтылығын қамтамасыз етуге жіберілген өзінің халықаралық бітімгершілік күштеріндегі әскер санын айтарлықтай қысқартпақшы. Герман үкіметіне сілтеме жасай отырып, Бильд газеті жазып отырғанындай, Германияның Қабулдағы әскерінің қатары 1500 адамға азайтылмақ. Қазір онда немістің 2300 әскері бар болса, тамыз айының соңына дейін 800 сарбаз Ауғаныстаннан шығады. Осыдан біраз уақыт бұрын Германия қорғаныс министрі Питер Штрук, Ауғанстанда тұрақтылық қамтамасыз ету мақсатында жүрген бітімгершілік күштері өз міндеттерін жалғастыра беруі керек, оларға болып жатқан қарсы шабуылдар ештеңе өзгерте алмайды деп айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG