Accessibility links

Қоғам қарсылығына тап болған Гонконг әкімшілігінің басшысы Тунг Чэхуа, Пекиннің қолдауын алу үшін Қытай басшыларымен кездесуде.


Гонконг әкімшілігінің басшысы Тунг Чэхуаның өзінің орнынан кетуін оппозиция талап етіп жатқан соң, бүгін Пекиннің қолдауына ие болу мақсатында Қытай басшыларымен келісөздер өткізіп жатыр. Осы аптада ол орнынан кетуден бас тартып, енді қоғамның пікірімен санасуға уәде берген. Осыған дейін, ұлттық қауіпсіздік мәселелерінде азаматтық бостандықты шектейтін Гонконг үкіметі ұсынған заң жобасы жаппай наразылықтар туғызып, жергілікті екі министр орнынан кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG