Accessibility links

Жексенбі күні Израель мен Палестина басшылары кездеседі.


Израель премьер министрі Ариель Шарон мен Палестина аутономиясының басшысы Махмуд Аббас жексенбі күні кездеседі-деп хабарлады израель радиосы мен палестиндік ақпарат көздері. Израель үкіметі өкілінің айтуынша, Шарон тағы да палестиндік террорлық топтардың құрылымдарын жою мәселесін көтермекші. Ал, палестин аутономиясының ақпарат көзі хабарлағандай, Аббас болса, сол израель әскерінің палестина аймағынан толық шығарылып, израель түрмелеріндегі палестиндік сотталғандарды босатуды талап етпек. Бұл кездесу Шарон мен Аббастың АҚШ-қа болатын сапары алдында болмақ. Олар сосын Вашингтонда Жорж Бушпен келіссөздер жүргізбек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG