Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты реттеу мәселесіндегі АҚШ пен Қытай келіссөздері.


Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздерді жаңартуға АҚШ пен Қытай бірлесе күш салып отыр. Бұл жайында кеше Вашингтонда жоғары лауызымды қытай дипломаты Дай Бинго АҚШ-тың вице президенті Дик Ченей мен мемлекеттік хатшы Коллин Пауел және президенттің ұлттық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райспен келіссөздерінен соң мәлімдеді. Өз кезегінде, АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучер Солтүстік Кореяның төңірегіндегі дағдарысты шешуге сонымен бірге, Жапония мен Оңтүстік Корея да қатысуы қажет деп атап өтті. Ал, Пхеньян тек тікелей Вашингтонмен ғана келіссөз жүргізуді талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG