Accessibility links

Британ полициясы кеше өлген қорғаныс министрінің көмекшісі Дэвид Келлидің қалай өлгенін ресми түрде хабарлады.


Соңғы түскен хабар бойынша, Ұлыбритания премьер министрі Тони Блэрдің өтінішімен Британ полициясы кеше өлген қорғаныс министрінің көмекшісі Дэвид Келлидің өлім жағдайын зерттеп, оның дәл Келлидің денесі екенін ресми түрде нақтылады. Сот сарапшылары бүгін экспертиза нәтижелерінде Келлидің өз қолының тамырын кесіп, қансырап өлгенін анықтаған. Бейсенбі күні үйінен шығып кеткен Девид Келли үйінен 8 шақырымдай жерде өлген. Британдық өкімет Ирақтың жаппай қыратын қаруы бар деген деректі Үкімет бұрмалап алды деген мәліметті ақпарат өкілдеріне осы Дэвид Келли таратты деп отыр. Осыған дейін Келли Британ парламентінің комитет отырысында, өзінің ББС тілшісімен болған екеуара әңгімеде бұл жайында айтқанын мойындап, бірақ тілшіге хабар болатындай нақты мәлімет бермегенін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG